$ 443.85  474.3  4.8

БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан қайтыс болды

Біріккен Ұлттар ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан 81 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымы өзінің Twitter-парақшасында жазды.

"Аннан отбасы мен Кофи Аннан қоры БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы, Нобель сыйлығының лауреаты Кофи Аннанның 18 тамыз күні қысқа уақыт ауырғаннан кейін қайтыс болғанын ұайғыра жеткізеді", - делінген аталған жазбада.

Кофи Аннан 1938 жылы Ганада туған. 1997-2006 жылдар аралығында Біріккен Ұлттар ұйымының Бас хатшысы болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары