$ 449.58  486.94  4.86

Астанада автобус жүргізушілері 400 мың теңгеге дейін жалақы алуы мүмкін

Бұл мәселеде қоғамдық көлікті пайдаланушылар шешуші фактор болады деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астанада қоғамдық көлікті жақсарту, ыңғайлы ету бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Жол картасын енгізу арқылы жол ақысын төлеудегі көлеңкелі қаражатты шығаруға мүмкіндік берді. Қазіргі күні қалалық қоғамдық көлікті қолданатындардың 90 пайызы электронды картамен төлеуге көшті. Жуық арада Astana LRT бұл көрсеткішті 95-98 пайызға жеткізуді көздеуде. Мысалы, электронды жол жүру ақысын енгізген алғашқы аптада көлеңкелі айналымнан шамамен 15 пайыз кіріс шығарылды. Тасымалдаушылар осының арқасында қоғамдық көлік санын да арттыруды көздеуде.

«Егер қазіргі кездегідей субсидия бөлінетін болса және қазіргі кездегідей пайда тауып жататын болсақ жыл аяғына дейін жаңа автобустар аламыз деген ойдамыз, шамамен 20-25 автобус. Жоспар бойынша «Ивеко» автобустарын және жаңартылған «Урбан вейв» автобустарын алуды ойластырудамын», - деді № 3 автопарк басшысы Бауржан Тілеубергенов.

Сонымен қатар, жолдағы жағдайды жақсартудың тағы бір амалы жүргізушілердің тәртібін қолға алу. Және де бұл жұмыста шешуші күш - жолаушылар. Егер жүргізуші уақытымен жүрсе және жол көлік оқиғасына түспесе, жолаушылардан шағым болмаса, онда еңбегі екі есе өсетін болады. 

«Қазір жүргізушілер белгіленген 200 мың теңге еңбекақы алады. Егер ол 15-18 күн толық еңбек етсе, ол зейнетақы мен салықты шегеріп қалғанда осы ақыны алады. Және егер бәрі дұрыс болып, оның атына шағым түспесе, жол оқиғасына түспесе, жұмыс ережесін бұзбаса қосымша 200 мың теңге қосылады. Сонымен қатар, ұзын автобустарда жүретін жүргізушілерге 50 пайыз үстеме қарастырылған. Бәрін қосқанда белгіленген еңбекақымен санағанда 400 мың теңге алуға мүмкіндік бар», - деді Тілеубергенов.

 Бұдан бұрын хабарланғандай, елорда автобустарында сараланған тариф бекітілді.  Осылайша, қалалық бағдарларда жүргені үшін төлемді картамен жүзеге асыру кезінде жол ақысы өзгеріссіз 90 теңге көлемінде қалды. Бұдан бөлек, көлік картасын пайдаланушыларына арналған басымдық – бірнеше көлікке ауысып отырып, тегін жүру құқығы сақталды. Ақшалай төлем кезінде қалалық автобуста жүру құны 180 теңге. 

Дереккөз: Тengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары