$ 448.56  478.03  4.79

ШҚО-да өрт кезінде 25 жастағы ер азамат қаза тапты

Өрт кезінде газ баллон жарылып кеткен. Тілсіз жау жалмаған үйден әйел үш баласымен шығып үлгерген деп жазады Үk-news.kz.

Қайғылы жағдай Бесқарағай ауданының Боғаз ауылында болған.

«Әйел үш баласымен қашып үлгеріпті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенше үйдің біраз жерін тілсіз жау жалмап үлгерген еді.  Үйден тағы бір газ баллоны табылып, жедел далаға шығарылды. Барлығы 90 шаршы метр аумақ өртеніп кетті», – дейді Төтенше жағдайлар департаменті.

Өртенген үйден 25 жастағы ер азаматтың өлі денесі табылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары