21.08.2018, 10:25

Өзбекстан шенеуніктері жүкті боп қалған 7-сынып оқушысына жасырын түсік жасатқан

Өзбекстанның Ферғана облысы Бешарык ауданының акушер-гинекологы жергілікті шенеуніктердің бұйрығымен, 7- сынып оқушысының іштегі бес айлық баласын алдыртып тастаған деп жазады centralasian.org.

Ферғана облысы ІІБ қызметкерінің айтуынша, бұл оқиға биыл мамыр айында болған. Оқушы қыздың 39 жастағы анасы қамауға алыныпты. Ол кәмелетке жасы толмаған қызын жезөкшелікке мәжбүрлеген. Сонымен бірге жасы 14-ке толмаған қызбен жыныстық қарым-қатынаста болды деген күдікпен төрт ер адам айыпталып отыр.

Қыз оқитын мектептің мұғалімдерінің бірі "оқушы қыздың бейберекет жыныстық қатынасқа түсіп келгенін" мамыр айында білдік дейді. Мұғалімдер оқушы қыз сабаққа келуді доғарғаннан кейін, үйіне іздеп барған.

"Біз сынып жетекшісімен бірге үйіне бардық. Сосын қызды анасымен бірге жергілікті әкімдікке алып бардық. Онда қыздың өзімен, анасымен сөйлесті. Кейін мән-жайдан хабардар болғаннан кейін, инспекторға жеткіздік", – дейді мектеп мұғалімі.

Осыдан кейін инспектор, мектеп директоры және қыз оқитын сыныптың жетекшісі аяғы ауыр қызға түсік жасатуды ойластырған.

"Анасы қызының екіқабат екенін жұрт біліп, ұятқа қаламыз деп, ауруханада түсік жасатуға қарсы болған", - делінген айыптау қорытындысында.

Бешарык аудандық ауруханасы дәрігерінің сөзіне қарағанда, жергілікті әкім орынбасарының бұйрығы бойынша, қыз дәрігерлік тексеруден өткен. Нәтижесінде, оқушы қыз 18 айға жүкті болған.

"Хоким орынбасары мен мектеп директорының тапсырмасы бойынша, акушер-гинеколог оқушы қыздың үйіне барып, оған түсік тастататын дәрі берген",- делінген облыстық прокуратураның айыптау қорытындысында.

Бешарык әкім орынбасарының көмекшісімен деп таныстырған шенеунік аталған оқиғаны растап, бұл іс бойынша айыпталушылар заң алдында жауап береді деді.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.