21.08.2018, 12:58

Назарбаев Әзірет Сұлтан мешітіне барды

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Хазірет Сұлтан мешітіне барып, қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қазақстанның барлық мұсылман қауымын мейраммен құттықтаймын. Барлық тілегіміз орындалсын. Меніңше, біздің барлығымыздың тілегіміз бір: еліміздің және халқымыздың амандығы», - деді Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға.

Мемлекет басшысы осы күні барлық қазақстандықтың игі істер жасап, құрбандық шалатынын айтып өтті. Президенттің айтуынша, қазақстандықтар Құрбан айт мейрамы кезінде мұқтаж адамдарға немесе егде жастағы кісілерге көмек көрсете алады.

«Құрбан айт - исламды жақсылықтың, жасампаздық пен үйлесімдіктің діні екенін паш етіп, күллі мұсылман қауымын бейбітшілік пен татулыққа, өзара түсіністікке шақыратын қасиетті мейрам.

Сондай-ақ, ол - діни мереке ғана емес, барша адамзатты бір-біріне көмек қолын созуға үндеп, бауырмалдыққа баулитын үлкен рухани құндылық», - деген еді осыған дейін Назарбаев құттықтауында.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.