$ 449.3  489.69  4.89

Бір жасар қызы ыдыс жуатын сұйықтық ішіп қойған ана елден көмек сұрайды

Осы жылдың қаңтар айында қайғылы жағдайға тап болған бір жасар сәби Жанерке Жеңіс. Ол абайсызда ыдыс жуғыш сұйықтықты ішіп қойған еді. Соның салдарынан асқазаны күйіп қалған деп хабарлайды Алтайньюс.

– Біз Өскеменде жер үйде тұрамыз. Күн суытқан соң, көмір әкелуге сыртқа шыққан едім. Қайтып кіргенде, жүрегім тоқтап қала жаздады. Қызым химиялық жуғышты ішіп отыр екен, – дейді Айгүл Қуандықова.

Үш күн сәбидің жаны қыл үстінде жатты.

– Дәрігерлер бүлдіршіннің күйіктен жиырылып қалған азқазанына жіп арқылы көздей тесік жасап қойған. Оның күші бір жарым аптаға ғана жетеді. Одан кейін асқазандағы күйік жиырылып, қызым қайтадан су да тамақ та іше алмай қалады, – дейді Жанеркенің анасы.

Осылайша балақайға 29 ем-шара жасалған. Әлбетте бұның барлығы баланың иммунитетіне өз әсерін тигізеді.

– Қызым жиі-жиі ауырып қалатын болды. Антибиотиктерді үсті-үстіне алып жатырмыз. Оңалар түрі жоқ. Арып, құр сүлдері қалды. Бұл күнде тіпті күлмейді, – дейді шарасыз ана.

Ең бастысы үміт бар екен. Балақайдың жазылып кетуіне толық мүмкіндік бар. Ол үшін Омскіде емделуі керек. Ондағы дәрігерлер сұйық азоттың көмегімен тыртықтарды емдейтін көрінеді. Операция қаралу, жатар орын, жол пұлымен бірге 400 мың теңгені қажет етеді.

Жанеркенің анасы қалың елден қайырым сұрайды. Көмек көрсету риквизиттері: Kaspi Gold: 5169 4931 8419 1693 ИИН: 870519302959 Куандыков Ерлан Женисович (әкесі) Halyk Bank: 4390 8782 6537 3257 ИИН: 630604400209 Давлетова Светлана Владимировна (апасы)

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары