$ 449.58  486.94  4.86

65 миллион еуро: Қазақстандық миллионер Париждегі пәтерін сатып жатыр

Парижде 65 миллион еуроға пәтер сатып алған қазақстандық баспананы сатылымға шығарды деп жазады Sputniknews.kz.

Қазақстандық миллионер француз астанасының бай ауданында орналасқан сән-салтанатты пәтерді сатқалы жатыр. SPA-зонасы, брондалған қорғаныс бөлмесі бар баспана үшін үй иесі 125 миллион еуро сұрап отыр. Бұл пәтерді сатып алған бағасынан екі есе қымбат.

Бельгиялық риелтор Игнас Мювиссен айтқандай, пәтер қазақстандықтың әйеліне ұнамай қалыпты.

«Қазақстандықтың әйелі енді бұл үйде тұрғысы келмейді», ­-­­ дейді брокер.

Қоғамның назарына іліккен құны 65 миллион еуро тұратын пәтер иесінің кім екенін риелтор құпия сақтап отыр. Бірақ Қазақстанның мемлекеттік кірістер комитеті оның шенеунік емес екенін мәлімдеді.

Пәтердің ауданы 1200 шаршы метр. Бұрынғы қожайыны бірнеше пәтерді біріктірген екен. Бес жатын бөлмесі, бес жуынатын бөлме, SPA-зона, персонал мен күзетке арналған жеке бөлмелер бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары