$ 446.49  475.38  4.79

23 жастағы бойжеткен өзін зорлаған жігітті ұнатып қалғанын айтты

23 жастағы бойжеткен өзін осыдан 1 жыл бұрын зорлаған жігітті ұнатып қалғанын айтты. Бұл туралы ол Instagram-парақшасындағы топтардың бірінде жазған.

«Осыдан 1 жыл бұрын өзімнен 7 жас үлкен жігітпен кездескенмін. Бір күні қонақ үйге апарып зорлап тастады. Қатты ұнап қалды. Отбасы, балалары бар екен. Әйелінен қатты қызғанамын. Одан басқа еркекке қарағым келмейді. Не істесем болады?», - деп бойжеткен жұрттан ақыл сұрады.

Ал желі қолданушылары авторға қиялындағы ер адамды ұмытуға кеңес берді.

«Отбасылы еркек болса, аулақ жүр. Өмір - бумеранг. Ертең сенің де күйеуің басқа қыздың құшағында жүреді», «Сен сияқтыларды пайдаланады да кетеді қызығын көріп. Ойлан. Өмірің алда. Өкініп қаласың бір күні», - деп пікір қалдырды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары