10.09.2018, 14:28

Інімнің әйелімен төсектес боп қойыппын

Аqparat.ortalyq.kz

Бұл – Астанадан Алматыға іссапармен жиі келіп тұратын досымның айтқан әңгімесі. Алғашында сенгім келмеген. Бірақ «нан ұрсын, Құран ұстайын» деген соң, сенбеске болмады. Былай деді, қысқасы: «Өзің білесің, мен Алматыға жиі келіп тұрамын. Фирмаларға аудиторлық тексеріс жасаймыз. Бұл сондай бір тексерістен кейін болған оқиға», деп бастады досым әңгімесін.

«Үш адамбыз. Үлкен компанияға аудиторлық тексеріспен келдік. Басшысы жылпос екен. Құрақ ұшып қарсы алды. Ішім-жеміміз солардың мойнында. Екі күн өтпей жатып-ақ «шаршаған шығарсыздар, жұмыстан кейін жуынып-шайынып алыңыздар», деп саунаға шақырды. Қарсы болмадық. Мұндайды талай көргенбіз.

Парға кіріп, бассейнге шомылып, алдымзға қойылған ас-судан дәм татып, көңіл жайлана бергенде сопаң етіп үш қыз келді. Компания басшысы оларды қарсы алып, бізге таныстырып жатыр. Байқаймын, бұ қыздармен бұрынан таныс-біліс сияқты.

«Жігіттер, шаршап жүрсіздер ғой, мына қарындастармен көңіл көтеріңдер. Әдейі шақырдым» дейді. Саунадағы отырысымыз қызып сала берді. Жасыратын несі бар, арнайы шақырылған қыздар ғой, өз істерін біледі екен.

«Көшенің жезөкшелеріне» келмейді. Киім киістері, сөздері дұрыс. Артынан компания басшысы өзі айтты: «тексерушілерді осылай демалдырып қоя береміз. Мұндай әдемі қыздарды қойнына салған соң, қандай тексеруші болмасын, бізге оң көзбен қарайды. Бұл қыздар тәп-тәуір жерде жұмыс істейді. Бірақ ара-тұра біздің»заказды» орындайды. Ол үшін қалталарына ақша салып береміз».

«Дұрыс екен» дестік. Бір апта өте шықты. Қайтарға бірер күн қалғанда, дүкен аралауға шыққанмын. Балаларым алдымнан шыққанда қолына ұстата қояйын деп ұсақ-түйектер алдым. Дүкеннен шыға беріп едім, «Оу, жолдас аға, қайдан жүрсіз?», деп бір танысым кездесе кетті. Бір ауылдың жігіті. Менен он-шақты жас кіші. Жағдайымды айттым. «Жүріңіз аға. Күнде кездесіп жатқан жоқпыз. Дәм татыңыз. Бір ауылдың баласымыз ғой», деп өтініп болмаған соң адресін алып, жұмыстан кейін сонда бардым.

Есікті ашып, інішектің өзі қарсы алды. Алдымнан жүгіріп шыққан ұлына ала келген ойыншығымды ұстатым. Аяғымды шешіп залға оза беріп едім. Әйелі шықты.

Оны көріп шалқамнан түсе жаздадым. Бір түрлі болып кеттім. Не сәлемдесерімді, не кері бұрылып кетерімді білмедім. Алдымда кім тұр дейсің ғой? Өткенде саунада бізді «обслуживать» еткен қыздың бірі тұр.

«Сабина, мынау Жолдас деген ағаң. Біздің ауылдың азаматы», деп інішегім мені таныстырып жатыр. Ол мені көріп сасып қалды. Қып-қызыл болып кетті. «Залға, дастарханға кіре беріңіздер», деп ас үйге қашты.

Ол үйден шай емес, зәр ішкендей болдым. Сабина төмен қарап, қызараңдап отыр. Інішек мәз. «Бізді осы келініңіз асырап отыр. Жақсы жерде жұмыс істейді. Табысы тәуір», деп қояды. Ішімінен «әр еркектің қойнына бір жатып жүрсе, әрине табысы тәуір», деп мен отырдым. Сол саунада Сабина мені қосқанда үш еркекті кезек-кезек «обслуживать» етіп еді. «Сіздер секілді азаматтар жиі келіп тұрса, бізге жақсы. Компания басшысы бізді шақырады. Жақсы ақша береді. Ал біздің жұмыс – саунада келген азаматтардың құмарын қандыру», деп менің қойнымда жатып біраз сырын ақтарып еді. Сол Сабина енді қызыраңдап төмен қарап отыр.

Інішекті аядым. Ол жарым деп, ақша тауып жүр деп мәз. Ал әйелінің ана жақта не істеп жүргенін біле ме екен, әттең? Сылтау айтып, үйден тез кетуге асықтым. «Бүгін осында қонып кетіңіз» дегеніне қарамадым.

Бұл – Астанадағы бір үлкен компанияда аудитор болып жұмыс істейтін досымның әңгімесі. Айтқан әңгімесінің өзегінде қоғамдағы үлкен шындық жатқаны анық. Өйткені бүгінгі күні сырттан келетін қонаққа «қыз салу» жазылмаған шындыққа айналғаны қашан. Бұл – соның бірі ғана.

Аян Мырзабек

Дереккөз: Аqparat.ortalyq.kz

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.