12.09.2018, 10:35

Astana LRT терминалдары неге кейде жұмыс істемей қалады?

«Astana LRT» компаниясының баспасөз хатшысы Науат Азанбаева көлік картаcын толтыратын терминалдардың неліктен кей кездері жұмыс істемей қалатынын түсіндірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада жолақы төлейтін көлік картасын пайдаланушылардың саны екі жарым есеге артты. Көлік картасы жүйесі жолаушылар үшін оңтайлы, алайда бұл өзгерістің өзіндік машақаты да жоқ емес. Мәселен, елордалықтардың басым көпшілігі көлік карталарын терминалдар арқылы толтырады. Ал бұл күнде халқы 1 миллионнан асып кеткен жас та болса алпауыт қала - Астанада жолақы картасын толтыратын 30 ғана терминал бар. Көлік картасын толтырудың өзге де жолдары болғанымен, жұрттың басым көпшілігі осы терминалдарды пайдаланғанда ыңғайлы санайды. Бірақ, ең қиыны осынау терминалдардан ақау шығып кейде істемей қалуы немесе терминалдардың ақшаға толып кетуі аталмыш құрылғыны істен шығарып, онсыз да ұзын-сонар кезек күткен халықтың мазасы кетеді.

«Көп жағдайда терминалдың қағаз ақша қабылдайтын тұсына білмейтін адамдар картасын тықпалайды. Бір сөзбен көптеген адамдар әлі де жолақы картасын пайдалануды біле бермейді. Осының салдарынан терминалдың жұмысында ақау пайда болады. Ал кей жағдайда терминалдарға ақша толып кетеді», - дейді компанияның баспасөз хатшысы Науат Азанбаева.

Оның айтуынша, астаналықтарға ыңғайлы болу үшін жол ақысын төлеудің бірнеше әдісі ұсынылып отыр.

«Мәселен, алыстан төлеу әдісі бар. Яғни, «Kiwi-әмиян» немесе Kaspi Bank карталары арқылы көлік картасын толтыра аласыз. Kaspi Bank төлеу амалында қазіргі таңда бір мәселе бар. Олар осы аптада банк картасы арқылы толтыру мәселесін шешеміз деп отыр. transcard.kz сайты арқылы да картаңызды толтыра аласыз. Бұл қашықтан төлеу жолдары. Сонымен бірге, жол ақысына 180 теңге төлемес үшін СМС-хабарлама арқылы да 90 теңге төлей аласыз. Ол әдістің бір артықшылығы - сіз өзіңіз үшін ғана емес, жаныңыздағы жолаушы үшін де төлеуге мүмкіндік беріліп отыр», - дейді ол.

Науат Азанбаеваның айтуына қарағанда, қала ішіндегі көлік карталарын толтыратын терминалдар ақшаға тез толып кетеді.

«Терминалдардан келіп ақшаны инкассациялап тұру керек. Мәселен, жол ақысын төлеудің жаңа әдістерін енгізгенше Астанада көлік карталарымен төлеу деңгейі 35 пайыз ғана болатын. Жол ақысы қолма-қол ақшамен 180 теңгеге көтерілген кезде көлік карталарын пайдалану көрсеткіші 35-тен 93 пайызға дейін өсті. Күніне 400 мың астаналық тұрғын қоғамдық көлікті пайдаланады. Қала бойынша қазіргі таңда 30 терминал, 6 мамандандырылған касса, 2000 киви-терминал бар. Терминалдарды арттыру жұмысы қарастырылып жатқан жоқ», - дейді Науат Азанбаева.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.