Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

12.09.2018, 11:27

Елімізде жаңа оқу жылы қарсаңында оқулықтар қымбаттады

Жаңа оқу жылы қарсаңында елімізде оқу және анықтамалық әдебиеттердің бағасы 6,4 пайызға өскен деп жазады Energyprom.kz.

Оқу-анықтамалық әдебиеттер қыркүйек айына қарай 6,4 пайызға қымбаттап, орташа есеппен алған 1,3 мың теңгеге дейін қымбаттап кеткен.

2018-2019 оқу жылы қарсаңында 12 миллионнан аса оқулық сатылды: 3,6 және 8-сынып оқушылары үшін.

ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің мәліметіне қарағанда, осы сыныптарда 906 мың оқушы оқиды.

«Бүгінде республика бойынша оқулықтардың 92,5 пайызы өңірлерге жеткізілді. Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қалаларына оқулықтар 100 пайыз жеткізілді.

Бірақ сарапшылардың сөзіне қарағанда, кейбір өңірлерде оқулықтар толықтай жеткізілмеді: Ақмоладағы 6 ауданға, Қостанайдағы 3 ауданға, Шығыс Қазақстан облысындағы 2 ауданға, Қызылорда облысындағы бір ауданға оқулықтарды жеткізу мүмкіндігі болмағандықтан олар өз беттерінше жеткізіп алуы тиіс.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.