12.09.2018, 17:27

Меруерт Түсіпбаева өзі тұрғызған зәулім үйлерді сатылымға шығарды (ВИДЕО)

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева бірнеше жылдан бері тапқан табысына зәулім үй тұрғызыпты. Алайда, ол маңдай термен келген баспанасын сататынын мәлімдеді.

«Шығармашылығымда тоқырау басталған кезден бастап "қалай күн көремін?" деген сұраққа жауап іздедім. Сол үшін туған-туыстарыммен, баламмен ақылдасып, барлық жиған-тергенімді осы үйдің құрылысына салдым. Бүгін сәрсенбінің сәтті күнінде осы жаңалығыммен бөліскім келді. Орыстар «ұл өсір, үй сал, тал ек» деп айтады. Бұл менің көптен бергі арманым еді. Үй салу – менің арманым болған. Енді осы үйді сату керек», – деді Меруерт Түсіпбаева Instagram желісіндегі парақшасына жүктеген видеосында.

Өнерден бөлек үй тұрғызып, оны сатумен айналысқан Меруерт Түсіпбаеваның еңбекқорлығы желі қолданушыларын таң қалдырған. Тіпті кейбірі үйдің бағасын сұрап, қызығушышлықтарын танытуда.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.