$ 448.15  483.46  4.86

Ақтөбеде ірі жарылыс боп, екі адам жансақтау бөліміне түсті

Ақтөбедегі жанар-жағармай базасындағы көлік жарылысынан зардап шеккен екі адам жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Серік Қапанов хабарлады.

Қыркүйектің 10-ы күні жанар-жағар май базасында май таситын көлік жарылып, үш адам зардап шеккен. Жансақтау бөліміне түскен егде әйел мен жас жігіт жанар-жағар май базасында оператор болып жұмыс істеген. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы өте ауыр, денелерінің 80-90 пайызы күйген.

Оқиға 10 қыркүйек Ақтөбенің өндірістік аумағындағы жанар-жағар май базасында болған. Кәсіпорын басшылары бұл оқиғаға қатысты әзірше ешқандай комментарий берген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары