13.09.2018, 09:14

Абайда 7 жасар баланы зорлау ісі бойынша бастапқы тыңдау өтті

Шымкентте 12 қыркүйекте Абай ауылындағы жеті жасар баланы зорлау ісі бойынша бастапқы тыңдау өтті. Бұл жайында қоғам қайраткері Аружан Саин хабарлады деп жазады Sputniknews.kz.

Сот жабық режимде өтеді.

«Сот таза өтіп, әділ шешім шығарылады деп үміттенеміз», – деп жазады Аружан Сайын баланың отбасына жәрдем бергендерге алғысын білдіріп.

Абай ауылының бірінші сынып оқушысы жоғары сынып оқушылары тарапынан бірнеше рет зорлық көрген. Бұл оқиға туралы жұртшылықтан көмек сұрап, әжесі үндеу жасаған еді.

Іске сол кезде балалар омбудсмені қызметін атқарған Зағипа Балиева араласты. Құқық қорғаушылар мен мемлекеттік орган өкілдері әжесі мен баланы ауылдан алып кетті. Сараптама нәтижелері баланың зорланғанын дәлелдеді.

Баланы зорлаған төртеуінің бірі ғана сот алдына келді. Қалған үш жасөспірім 14 жасқа толмағандықтан қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.