$ 446.49  475.38  4.79

«Оқ атқан жігіт жиі кешігетін болған»: БҚО-да қаза тапқан полицейдің әкесі мән-жайды баяндады

Батыс Қазақстан облысында оқ жарақатынан қаза тапқан батальон командирі Рүстем Рақышевтің әкесі оқиғаның мән жайын баяндап берді деп жазады Уральская неделя.

Небәрі 29 жастағы полицейдің туыстары Рүстемнің өлімі алдын ала ойластырылған деген пікірде.

«Оқиға кешкілік түгендеу кезінде басталған. Онда мамандандырылған күзет қызметі басқармасының басшысы Әділбек Жалмағамбетов, бірінші взводтың басшысы ретінде Рүстем мен екінші взводтың басшысы Бисалиев болуы керек. Бірақ сол күні бәрін Рүстемнің өзі ғана түгендеп шыққан. Бізге Рүстемге оқ атқан Серік Ғаріп жиі кешігетінін, сол күні кешке де жұмысына кешігіп келгенін айтты. Рүстем сол үшін оған ұрысқан.

Бізге бейне бақылау камерасындағы жазбаданы көргендер Рүстем мен Серіктің арасында жанжал болмағанын айтты. Тек Ғаріп күтпеген жерден тапаншамен ескертусіз оқ жаудыра бастаған», – дейді марқұмның әкесі.

Сондай-ақ ол тұңғыш ұлын жоғалтқанын, алда тек шындық үшін күресетінін айтып отыр.

Бұған дейін 6 қыркүйек күні АІІБ ауласында оқ жарақатынан батальон командирі Рүстем Рақышевтің қайтыс болғанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары