$ 446.49  475.38  4.79

Қазақша сөйлеймін деп сынға қалған Гүлжан Қарағұсова тілін ары қарай жетілдіре түсетінін айтты

Осыған дейін мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова қазақша сұхбат беремін деп әлеуметтік желіде күлкіге қалған болатын. Алайда ол соған қарамастан қазақ тілін үйрене беретінін айтты деп жазады Baq.kz.

«Қазақ тілін үйрене беремін. Бірақ тілді үйреніп жүргенім үшін қолдау керек. Енді ғана (қазақ тілін үйренуді – автор) бастадым. Неге? Себебі, 50 жыл бойы мен орыс тілінде ойлап, оқып, жұмыс істедім», - деді Мәжілістің Есеп комитеті отырысынан шыққан депутат.

Естеріңізге сала кетейік, оған дейін Гүлжан Қарағұсова БАҚ өкілдеріне қазақша сұқбат беремін деп күлгіке қалған.

«Азаттық радиосы» әзірлеген видеоматериалда Қасым Жомарт Тоқаевтың «бірінші сыныпқа ағылшын тілін оқыту қажет пе?» деп көтерген мәселесіне депутаттар жауап берген. Қарағұсова бұған қазақша жауап беруге тырысқан. Алайда, депутаттың қазақ тіліндегі жауабын желі қолданушылары күлкіге айналдырған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары