$ 448.15  483.46  4.86

Хиджабын шешуден бас тартқан студент оқудан шығарылды

Ташкент қаласындағы Халықаралық ислам академиясы төрт студент қызды хиджаб шешуден бас тартқаны үшін оқудан шығарды деп жазады centralasian.org.

Тағы алпысқа жуық студент академиядан оқудан шығарылуы мүмкін. Олар сабақ кезінде орамалдарын шешуден бас тартып отыр.

Академия әкімшілігінің қысымынан соң 124 студент қыздың жарымына жуығы сабаққа парик немесе тақия киіп келіп жүр. Оларға мойнына орамал байлауға рұқсат етпеген, деп хабарлады Би-Би-Сидің Өзбек редакциясы.

Биыл академияға ректор болып келген Шухрат Ёвкочев хиджаб тағуға қарсы шыққан.

Еске салайық, Халықаралық ислам академиясының студенттер тобы жақында "Озодлик" сайтына хат жазып, академия әкімшілігінің әрекетіне шағымданған еді.

1999 жылы Өзбекстанда тіркелген бірнеше жарылыстан соң елде хиджаб киюге және сақал қоюға тыйым сала бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары