$ 448.15  483.46  4.86

Қалмұханбет Қасымов Денис Теннің қазасынан кейінгі отставкаға кету туралы сауалға жауап берді

Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов спортшы Денис Теннің қазасынан соң өзінен отставкаға кетуді талап етуге қатысты жауап берді. Астанада өткен баспасөз мәслихатында Азаттық тілшісі министр Қасымовтан «Денис Теннің қазасынан кейін көп ел сіздің отставкаға кетуіңізді талап етті. Отставкаға кетесіз бе, жоқ па?» деп сұрады.

Қасымов «Біз әскери адамбыз. Үкімет, президент қалай шешеді, біз солай жұмыс істейміз» деп қысқа қайырды.

Жиында Қасымов соңғы уақытта министрлік, оның ішінде полицейлер қызметі қатаң сынға ұшырап жатқанын және сынның көбі орынды екенін айтты.

«Полиция қызметінде шешілмеген мәселе мен кемшілік көп екені рас, біз онымен жұмыс істеп жатырмыз және оны жасырмаймыз. Министрлік БАҚ-тағы сыни материалдарға мониторинг жасап отырады. Әрбір ақпарат бойынша тәртіп пен заңның өрескел бұзылғаны анықталған жағдайда жұмыстан шығаруға дейінгі қатаң шаралар қолданылады» деді министр.

18 шілдеде Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Денис Тен пышақ жарақатынан ауруханада қаза тапқан. Спортшы қала орталығында көлігінің жанында әлдекімдер салған пышақ жарақатынан ауруханаға жеткізілген соң қайтыс болған.

Денис Теннің өлімінен соң полицияны әрекетсіздігі үшін айыптау күшейіп, Ішкі істер министрлігінің реформасы мен министрдің отставкасын талап етушілер көбейген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары