$ 439.43  473.31  4.82

Дима Билан жол апатына түсті

Ресейдің танымал әншісі Дима Билан жол апатына түсті деп жазады Риа Новости.

Оқиға Мәскеудегі Ленин даңғылында болған. Әнші Ford Mustang көлігін жүргізіп келе жатқан.

«Ford Mustang көлігінің артынан Hyundai соққан. Зардап шеккендер жоқ. Дима Биланның ішімдік ішпеген. Әнші болған оқиғаға өзінің кінәсі жоқ екенін айтты», — делінген дереккөзде.

Ал құзырлы орган өкілдері жол апатының болғанын растағанымен оның қатысушылары туралы ақпарат бермей отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары