$ 447.4  477.55  4.76

Тәжікстанда мұғалім оқушыларын ДАИШ сапына өтуге үгіттеген

Төрт тәжік жасөспірімі ағылшын тілі мұғалімінің арбауына түсіп, Ауғанстанда "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына барып қосылғысы келген деп жазады centralasian.org.

Биыл 13 маусымда есірткіге қарсы бөлімнің қызметкерлері төрт жасөспірімді ұстады. Күш құрылымдарындағы екі дереккөз бұл жайтты растады. Олар берген мәлімет бойынша, жастар ағылшын тілі курсын жүргізетін мұғалімнің арбауына түсіп қалған. Мұғалім де тұтқынға алынды.

Дереккөз мәліметіне қарағанда, олар жарты жыл бойы Ауғанстанда "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қосылуды жоспарлаған. Осы мақсатта Абу Обид есімді азаматпен байланыс орнатқан. Ол жастарға шекарадан өтуін сұраған, сол кезде олар қолға түскен.

Тергеу мәліметі бойынша, бұл төртеу құрдастарымен жихад жасау туралы әңгіме қозғаған, сол арқылы өздерін қолдайтындарды тартқысы келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары