$ 444.32  473.33  4.76

Бір бала мерт болды: Алматы облысында көлік жылқыға соғылды

Алматы облысында жеңіл көлік жылқыға соғылып, оқиға болған жерде 14 жастағы қыз көз жұмды. Тағы жеті адам ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Оқыс жағдай 18 қыркүйек күні Талғар — Ақбұлақ трассасында болды. «Лада» жылқыға соғылып, кейін осының салдарынан көлік ағашқа қарай ұшқан. Жеңіл көліктің ішінде үш ересек адам және бес бала отырған. Олардың ішінде біреуі апат болған жерде өлді.

Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 345-бап бойынша тергеу жұмыстары тағайындалды.

Зардап шеккендер әртүрлі жарақатпен Талғар аудандық ауруханасына жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары