$ 448.89  477.93  4.76

«Сені жақсы көремін»: Тұрсын Алагөзов Баянды қойып Динараға шықты ма?

Продюсер Баян Алагөзованың екінші күйеуі Тұрсын Алагөзов Динара Сатжанды туған күнімен құттықтап, оған деген сезімін білдірді. Желі қолданушыларына Алагөзовтің «сені жақсы көремін» деген сөзі ұнамай қалды.

«Туған күніңмен, Динара. Рахмет менімен дос болғаның үшін. Сен өте көрікті, тартымды жансың. Қиындықтардың бәрі сені айналып өтсің. Сен мықтысың. Өзіңді жақсы көремін әрі құрметтеймін», - деп жазды Алагөзов желідегі парақшасына.

Көпшілік Динара Сатжанды туған күнімен құттықтаудың орнына Алагөзовтің сөзіне тиісіп болды.

«Жүргіш біреу ғой мынауың», «Баянды қойып, Динараға шықтың ба?», «Баян қалай қызғанбай отыр сені?», - деп жазды олар.

Айта кетейік, Баян Алагөзова былтыр Тұрсын Алагөзовпен ресми некесін қидырған. Қазір олар бірге тұрып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары