$ 445.66  474.58  4.78

Әлемге танылған бүркітші қыз Айшолпан Қазақстанда деректі фильмге түспекші (ВИДЕО)

Моңғолиядағы бүркітші қазақ қызы Айшолпан Нұрғалиқызы Қазақстанға алғаш рет келіп, журналистермен кездесті. Бүркітші қыз осында деректі фильге түспек екен. Бұл туралы журналист Қанат Тілеухан өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған.

Айшолпан конференция залына қыран бүркітімен келген.

«Баяғыда қыруар қаржы жұмсалған «Көшпенділерді» күткеніміз әлі есімізде. Көшпенді бабамызды Марк Дакаскос ойнап қарық қылып еді. «Qazaqstan» телеарнасы да «Көшпенділерді» қолға алды. Бірақ оның жөні бөлек екен. Деректі фильмдер циклы. Танымдық-моральдық диктор тексті жоқ. Кейіпкерлер өздері сөйлейді. Отбасылық тағдырлары мен тыныс-тіршіліктерін сөз етеді. Моңғолия, Ауғанстан, Қытай, Түркия, Иран т.б. елдердегі қиыр жайлаған қандастардың өмірімен танысатын боламыз. Осыдан біраз уақыт бұрын Қазақстанда тұратын 130 ұлт деген бағдарламалар қаптап кетіп еді. Мынау енді соңы дүние екен. Әлемнің әр бұрышындағы қазақ осылай түгенделер. Мына ең дала баурларымызға толады деген үміттеміз.

12 бөлімнен тұратын фильімдер топтамасы 14 қазаннан бастап QAZAQSTAN ұлттық арнасының эфирінен шығады екен. Ал бүгін әлемге көшпелі мәдениетті танытқан байырғы мекеннен Айшолпан қарындасымыз келіпті. Қадамы құтты болсын!», - деп жазды ол желідегі парақшасына.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары