$ 447.4  477.55  4.76

Дзюдошы Серікжанов Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс алды

Дзюдодан Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ерлан Серікжанов 66 келіде күміс жүлде алды деп жазады Азаттық.

Әлемдік рейтингіде 36-орында тұрған Серікжанов финалда жапониялық Хифуми Абеден (әлемдік рейтингіде 2-орында) жеңілді.

Қазақстан балуаны ширек финалда моңғолиялық Херлен Ганболдты (5), жартылай финалда әлемдік рейтингінің лидері израильдік Таль Фликерді иппон әдісімен (таза жеңіс) жеңді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары