24.09.2018, 17:43

Мәжіліске келіп орысша сөйлеген шенеуніктер Смағұловтың ашуына тиді

Үкімет сағатында орыс тілінде сөйлеген Алматы облысы мен СҚО әкімдерінің орынбасарлары мәжілісмен Бақытбек Смағұлдан сөз естіді деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Бүгін Мәжілісте «Қазақстанның туристік саласын дамыту туралы» үкімет сағаты өтті. Оған Астана мен Алматы, Солтүстік Қазақстан мен Алматы облыстары әкімдерінің орынбасарлары да қатысқан еді. Үкімет сағатының соңында мәжіліс төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева өңірлерден келген қонақтарға сөз беріп, ұсыныстарын тыңдады.

Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтан басқасының бәрі орыс тілінде сөйледі. Облыс әкімдері орынбасарларының қазақша сөйлемегені намысына тисе керек, депутат Бақытбек Смағұл екінші рет сөз алып, шенеуніктерді әбден ұялтты.

«Біріншіден, екі облыс әкімі орынбасарының (Алматы облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов, СҚО әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек — Sputnik) мемлекеттік тілде сөйлемегені — ұят дүние. Олар әлде мемлекеттік тілді білмей, менсінбегені ме, әлде Елбасының мақсат-мұратын құлағына ілмегені ме, түсінбей отырмын. Ұят нәрсе! Басшыларыңыз қандай аптал азаматтар! Ал сіздер парламентке келіп отырсыздар, бір ауыз амандасу да жоқ. Ұят емес пе, адамның намысы қайда?!», — деп ашуланды депутат.

Осы кезде мәжіліс спикері Гүлмира Исимбаева үштілділік саясатын алға тартып, қонақтардың әрекетін ақтауға тырысты.

«Қазір әрқайсымыздың екі тілде, тіпті үш тілде сөйлеуге құқығымыз бар. Қанша тіл білеміз, сонша тілде. Енді келген азаматтардың барлығы қазақ тілін білмейді деп айта алмаймыз, бәрі біледі. Тек өз ойларын жеткізу үшін біздің аудармаға кішкене сеніңкіремей, орыс тілінде сөйлегені ғой», — деп депутаттың ашуын басуға тырысты.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...

Error: No articles to display

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.