24.09.2018, 23:42

Оралда үш баланың анасы құпия жағдайда жоғалып кетті

Оралда үш баланың анасы - 38 жастағы Иралия Камышева белгісіз жағдайда жоғалып кетті деп жазады Tengrinews.kz. Ол 13 қыркүйек күні үйінен шығып қайта оралмаған. 

Күйеуі Дмитрий Молчановтың айтуынша, Иралия еш жерде жұмыс істемеген, үйде үш қызына қарап отырыпты. Үлкендері бой жетіп қалған, жасы 17-де Қалған екеуінің бірі 10-да, екіншісі 8 жаста.

"Иралия 3-мектеп аумағында тұратын құрбысының үйіне кеткен. Ұялы телефонын үйге тастап кетті. Өзімен бірге қол сөмкесін ғана алып кеткен, оның ішінде жеке құжаттары мен 55 мың теңге ақшасы бар еді. Осыдан 4 күн бұрын такси жүргізушісі болып жұмыс істейтін ер адам хабарласып, әйелімнің сөмкесін тауып алғанын айтты. Бұталардың арасында жатыпты. Бірақ, ішінде ешқандай ақша жоқ дейді. Кейін өзге адамдар хабарласып, әйелімді Деркүл ауылынан көргендерін айтты. Бірақ, ол ауылдан іздеп таппадық. Полицейлер жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында 50-ден астам адамның жоғалғанын айтып отыр", - дейді Дмитрий Молчанов.

Ішкі істер органдары болса Иралия Камышеваны іздеуге жеке құрамның түгел жұмылғанын айтты. 

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...

Error: No articles to display

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.