$ 449.58  486.94  4.86

Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі қайда өтуі мүмкін?

The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен Сауль Альварестің (50-1-2, 34 КО) ықтимал үшінші жекпе-жегі өтуі мүмкін қалаларды атады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Меніңше, Нью-Йорк үшінші айқасты қабылдау құқығы үшін таласа алады. Дегенмен, Лас-Вегас бұл кездесуді де қабылдағысы келсе, оның ұсынысынан өзге қалалар асып түсе алмайды», - деп жазды Фишер өз бағанында.

Еске салайық, GGG «Канело» арасындағы бірінші және екінші айқастар Лас-Вегастағы T-Mobile кешенінде өтті. Екі жекпе-жекте де боксшылардың ешқайсысы айқын басымдықпен жеңіске жете алмады. Алғашқысы - тең нәтижемен, реванш - төрешілер дауысымен «Канелоның» пайдасына аяқталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары