Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

25.09.2018, 12:26

Ақша бермесе қылмыспен күреспейсіз бе?: Сағынтаев ІІД басшысын сұрақ астына алды

Бүгін Үкімет отырысында жергілікті полиция қызметі туралы айтылды. Осы орайда Премьер-министр жергілікті орган басшыларын сұраққа алды. Оның ішінде адам өміріне «жеңіл» қараған Атырау облысы ІІД бастығы Аян Дүйсембаев министр сынына ілікті деп хабарлайды Baq.kz.

Атырау облысы ІІД бастығы Аян Дүйсембаев өңірдегі полиция қызметі мен қылмыстар саны туралы есеп берді. Содан соң Үкімет басшысы сұрақ қойды.

«Министріңіз қазір ғана 10% вакансия қысқартылып, қаржы көлемі айлық көтеруге жұмсалады деп айтып өтті. Сіз жетпейді деп айтасыз жетпейді. Вакансияңыздың бәрін қысқартып тастаса, сонда қалай жұмыс істейсіз сонда?» - деп сұрады Бақытжан Сағынтаев.

Дүйсембаев болса қысқартқан жағдайда қызметкерлердің жалақысын көбейтетінін айтты.

«Шамамыз бар. Министрлік шешімі қандай болады, біз қолдаймыз. Сәйкес жұмыс істейміз», - деді ол.

Премьер-министрі жергілікті орган басшысының жауабына қанағаттанбай жауабын толықтыруды сұрады.

«Министрдің шешімі қалай болады, дұрыс, әскери адам ғой енді. Ақша берсе қылмысты тоқтатамыз. Ақша бермесе, айлық көтермесе қылмыспен күреспейміз, сіздің жауабыңыз солай», - деді Үкімет басшысы.

Атырау облысы ІІД бастығы өңірдегі қылмыс санын «қатты өсіп тұрған жағдай» емес деп түсіндірді.

«Былтыр 25 адам өлген, биыл 26 адам өлді деп адам өміріне түсініксіз қарайсыз. Бір адам болса да ол – адамның өмірі. Бұлай жеңіл қарауға болмайды», - деп сынады Сағынтаев.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.