$ 447.4  477.55  4.76

Астанада 10-қабаттан құлап бара жатқан сәбиді төмендегі көршісі қағып алды (ВИДЕО)

Астана тұрғыны 10-қабаттан құлап бара жатқан баланы қағып алды. Оқиға 24 қыркүйек күні қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Көршілері түсірген видеоролик Instagram әлеуметтік желісіндегі astanovka98 парақшасында жарияланған.

Баланы құтқарған жігіттің есімі – Артем Карев, жасы 28-де. Ол дәл сол үйдің тоғызыншы қабатында тұрады екен.

«Мен балконға шығып, төменде адамдардың айғайлап жатқанын естідім. Барлығы да саусақтарымен мен жақты көрсетіп тұрды. Төбеге қарасам кішкентай баланың салбырап тұрғанын көрдім. Сол сәтте ол құлап кетті, мен қағып үлгердім де, үйіме кіргіздім», - дейді Артем.

Оның айтуынша, баланың жасы 7-де. Көршілері жедел жәрдем мен құтқарушыларды шақырып үлгеріпті. «Анасы астында тұрды, оның жағдайының қаншалықты жаман болғанын түсінетін шығарсыздар. Ол әйелді жақсы танимын, күніге амандасып тұрамыз», - деді ер азамат.

Ол кішкентай баламен сөйлесіп үлгеріпті. Айтуынша, есікті аша алмағандықтан далаға терезе арқылы шықпақшы болған.

«Үйде жалғыз болған, анасы 15 минутқа далаға шығып, сыртынан құлыптап кетіпті. Іші пысып, бұл да сыртқа шықпақшы болады да, терезедегі торды жыртады. Толық киініп, сол жерден өрмелеп түспекші болыпты. Ары қарай не болғанын білесіздер. Мен оны көріп, өзім шошып кеттім алғашқыда. Кейін ыңғайланып тұрып алдым да, оны қағып үлгердім», - дейді Артем Караев.

Бала дін-аман. Оқиға орнына келген құтқарушылар мен жедел жәрдем оны қарап болғаннан кейін анасына берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары