$ 447.4  477.55  4.76

Басына тапанша тақаған: Қостанай тұрғынын үйнің маңында тонап кетті

30 қыркүйек күні Қостанай тұрғынына белгісіз ер адам үйнің алдында тапанша тақап, тонап кеткен деп хабарлайды Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Тұрғын кешкі сағат 8-де дүкенге шыққан. Үйіне қайтып келе жатқан жолда белгісіз ер адам оның басына тапанша тақап ақша сұраған. Небәрі 200 теңгесі қалған әйелдің қолындағы барын алып, жайына қалдырыпты.

Полицейлер іздеу барысында сол маңда жүрген ер адамды ұстады. Есірткі қолданған күдіктінің қалтасынан газды тапанша табылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Дереккөз: NewTimes.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары