$ 445.66  474.58  4.78

Қостанайда «7-20-25» бағдарламасы бойынша 30 отбасы баспаналы болды

Қостанай облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғындардан небәрі 42 өтінім түскен деп жазады ҚазАқпарат.

Қостанайдағы Ұлттық банк филиалы директорының орынбасары Жанна Омарханованың сөзінше, Қостанай облысы «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру жөнінен республика бойынша көш соңында келеді. Оған бірнеше фактор әсер етуде.

«Біріншіден, бағдарламаның басталғанына үш-ақ ай өтті. Екіншіден, бізде Алматы, Астана, Шымкент сияқты үлкен қалалардағыдай ауқымды құрылыс жүріп жатқан жоқ. Бұған қоса тұрғындарға жаңа бағдарлама туралы толық ақпарат әлі де жетпей отыр. Бұл бағдарламаның бірден қарқын алып кетуіне кедергі етеді. Мұның сыртында, «7-20-25» бағдарламасымен қатар жүзеге асырылып жатқан өзге де мемлекеттік бағдарламалар бар» - деді Ұлттық банк филиалы директорының орынбасары Жанна Омарханова.

Жалпы, өңірде «7-20-25» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша 3 ай ішінде 42 өтініш қабылданып, оның 35-і мақұлданды. Бүгінге дейін 29 отбасы баспаналы болды.

«Бағдарламаны жүзеге асыруға 10 шақты жергілікті тұрғын үй компаниясы тартылды. Аталған бағдарлама бойынша «БК-СТРОЙ» құрылыс компаниясы тұрғындарға 34 пәтер ұсынып отыр», - дейді Жанна Омарханова.

Қостанай қаласының іргесіндегі Қонай ауылында жаңа тұрғын үйлер салынып жатыр. Келешекте сол ауылда бой көтеретін тұрғын үйлердің біразы «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғындарға беріледі. Мұнда бір қабатты жеке үйлермен қатар 50 шақты көп қабатты тұрғын үйлер салу жоспарланған.

Айта кетейік, бүгін Ақордада Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет ешкімге де тегін баспана бермейтінін айтты.

«Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтары үшін ірі қалаларда жалдамалы тұрғын үй құрылысын ұлғайту қажет. Барлықтарыңыздың алдында, бүкіл елге тағы да айтамын: қазір бізде басқа әлем, нарықтық экономика, мемлекет ешкімге де тегін баспана бермейді», - деді Елбасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары