07.10.2018, 14:15

Қарағанды облысында екі шетелдік азамат жоғалып кетті

Қарағанды облысының тауларында екі шетелдік – Түркия және Англия азаматтары хабар-ошарсыз кетті. Бұл туралы ХАА ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов хабарлайды. 

«7 қазан күні 3:07-де Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында екі адам жоғалғаны туралы хабар келіп түсті. Олардың бірі – 1990 жылы туған Англия азаматы, екіншісі – 1992 жылы туған Түркия азаматшасы.

Олар «Сосновый бор» санаторийінен таңертең ерте серуендеу үшін шығып, қайта оралмаған», - дейді Нұрсұлтан Нұрахметов.

Хабар-ошарсыз кеткен туристерді іздеу үшін құтқарушылар, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи парк және ішкі істер органдарының қызмерлерінен құралған іздеу-құтқару тобы жасақталды. Туристерді шамамен таңғы алтыда Қарқаралы қаласынан 9 шақырым жерден орман күзетшісі тауып алды.

Құтқарушылар шетелдіктерді Қарқаралы қаласына жеткізді, олар медициналық көмекке қажетсінбеген.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.