11.10.2018, 15:12

Көршісінің 7 жасар қызын зорлаған 56 жастағы шымкенттік қамауға алынды

Шымкентте көршісінің 7 жасар қызын зорлаған 56 жастағы ер адам қамауға алынды деп жазады Sputniknews.kz.

4 қазанда бір перзентке зар боп жүрген ер адам 2-ші сынып оқушысын зорлаған. Жасы алпысты алқымдаған шымкенттік көршісінің 7 жасар қызын өз үйіне ертіп әкеп азғындық әрекеттерін жасаған. Өзі отбасылы, зайыбы жұмыста болған уақытты пайдаланып, арам пиғылын іске асырған.

2011 жылы туған қыз бала апасының қарауына қалдырылған екен. Бүлдіршіннің әке-шешесі сұмдық жағдай орын алған кезде жұмыста болған. Күдіктінің өзі бұл іске алкогольді ішімдік ішіп, яғни мас халде барғанын айтып отырған көрінеді.

1962 жылы туған күдіктіні тәртіп сақшылары құрықтады.

«Ол ҚР ҚК-нің 121-бабы, 4-ші бөлігімен айыпталып отыр. Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу соты күдіктіні тергеу кезінде қамауға алу туралы санкция берді», – деп хабарлады Шымкент қаласы тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.