11.10.2018, 17:59

«Мені тастап кетті»: 26 жастағы қыз 91 тобындағы бұрынғы сүйіктісімен өштесіп жүр

Alem-нің бұрынғы сүйіктісі 91 солисіне өзінің талантты екенін дәлелдемек. Иә, 26 жастағы Айдана Риза отандық i am a Singer жобасына қатысып, бағын сынап көрді. Қостанайлық бойжеткен жоба барысында сахнаға шығуға басынан өткен сәтсіз махаббат хикаясы себеп болғанын айтты деп жазады Stan.kz.

Айдана біраз уақыт бойы Батырхан Мәліковпен (91-дегі Alem) қыз-жігіт болып жүргенін айтады. Алайда Q-pop өкілі белгісіз себеппен Айдананың көңіліне қаяу түсіріп, тастап кеткен. Сол күннен бастап Айдана іштей өзгергенін айтады.

«Қостанай 26 жаста. Бұрын мүлдем басқаша едім. Сыпайы, биязы болатынмын. Кейін бір жағдай өмірімді өзгертті. Үлкен махаббат, ол Ninety one тобындағы Батыр болатын. Бұл менің жігітпен құрған алғашқы қарым-қатынасым еді. Екеуміз ата-анамыздың үйінен кеткеннен кейін жұп болдық. Ондай адамнан айырылған екі есе ауыр. Ол мені жай тастап кеткен жоқ. «Сен дамып жатқан жоқсың, бір орында тұрақтап қалдың», – деп сөгіп кетті. Ал қазір жарқ етіп сахнаға шығудың реті келген сияқты. Мен сахнада өз орнын тапқан өнер иесі ретінде танылғым келеді», – деп түсіндірді Айдана Риза.

Жоба барысында Айдана ағылшын тілінде әрі ерекше жанрда ән орындады. Сәкен Майғазиев осы қыз үшін тағы да бір Мақпал Исабековамен сөзге келіп қала жаздады. Сәкен Айдананы келесі кезеңге өткізгенімен, екі бірдей әріптесі оған «жоқ» деп жауап берді. Майғазиевтің өтінішімен, үшінші төреші Элхан Ахмедов пікірін өзгертіп, Айданаға мүмкіндік берді. Ал Мақпал Исабекова тағы да айтқанынан қайтпай, өнердегі ағасының сөзін құптамады. Есесіне Айдана Риза жобада, ол келесі кезеңде өз өнерін көрсетіп, Ninety one тобының солисіне өзін дәлелдемек.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.