$ 449.58  486.94  4.86

Ақтөбеде тоққа түсіп, қос қолынан айрылған баланың жағдайы әлі ауыр

Ақтөбе облысы Шалқар ауданында 10 мың вольттық электр тоғына түсіп, екі қолынан айрылған бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр. 9 жастағы Дамир Фаткулин отадан кейінгі ұйқыдан әлі оянбады деп жазады NUR.KZ.

Балақайдың жағдайын әлі де ауыр деп бағалап отырған дәрігерлер оған тағы да күрделі операциялар жасалатанын айтады.

«Баланың жағдайы әлі де ауыр. Жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. Тағы да операция жасау керек. Кеудесінде, көкірек клеткасы, аяғында әлі де төртінші дәрежелі күйген жерлер бар. Жалпы жағдайы тұрақталғаннан кейін бөлімшеге ауыстырылады. Бір операциямен шектелмеуі мүмкін. Бала есін жиғанымен, дәрімен ұйықтап жатыр. Палатаға қашан ауыстыратынымыз да белгісіз. Ұзақ ем керек», - дейді дәрігер Талғат Артықбаев.

Ал жанын қоярға жер таппаған Дамирдің ата-анасы жансақтау бөлімінің есігін торуылдап жүр.

«9 жастағы балам ойнап жүрген. Сол күні жүрегім сезгендей жолдасыма хабарласып, балаларды сұрадым. Сол екі ортада шырылдап күйеуім хабарласты. Ол басында «бала өліп қалды» деп селкілдеп жылап жатты. Жүгіріп жеттім. Балам шырылдап жылап жатыр екен. Жоғарыдан оны түсіріп қойған. Екі қолы сіресіп, көмір сияқты күйіп кеткен. Киімдерінің барлығы өртенген. Қайтейін, баламның екі қолы болмаса да өзі бар. Қайтыс болып кеткенде не істер едік?! Бұл жағдайға мектептің де кінәсі бар деп ойлаймын. Мектептің ауласында адамды пісіріп жіберітін 10 вольт тұрғаннан кейін бала жоламастай етіп қоршау керек еді», - дейді анасы Гүлмира Фаткурина.

Гүлмира Фаткулинаның жеті баласы бар. Дамир төртінші баласы екен. Қалаға жолдасы екеуі мектеп мұғалімдері жинап берген ақшамен келген.

«Балам екі күн Шалқарда жатты. Дәрігерлерге рақмет, барлық жағдайын жасады. Қалаға аман жеткізді. Баламның мұндай жағдайға ұшырауына мектеп басшылығын кінәлаймын», - дейді әкесі Берік Әбдіғалиев.

10 вольттық тоққа күйіп қалған баланың ата-анасының қолында мектеп ауласындағы трансформатордың суреті бар. Олар үлкен электр тоғы келіп тұрған қауіпті орынға ойын баласы еркін кіре алатынын айтады.

Ата-ана қауіптің алдын алмаған мектеп әкімшілігінің үстінен арыз түсірмек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары