$ 449.58  486.94  4.86

Қарағанды облысында аң аулаған ер адам байқаусызда өзін атып өлтірді

Қарағанды  облысының тұрғыны аң аулау кезінде байқаусызда өз-өзін атып қойды деп жазады NUR.KZ.

Кездейсоқ жағдай 10 қазанда түнде Балқаш қаласына жақын орналасқан Ащыөзек станциясынан 11-12 шақырым ұзақта болған.

Әзірге ер адамның 25 жаста екені белгілі. Ол қоянға оқ атқан, алайда байқаусызда өзіне атылып кеткен. Ер азамат ішіне тиген оқтан оқиға орнында қаза табады.  

Кездейсоқ жағдай болғандықтан медициналық жедел жәрдем көлігі оқиға орнына бармаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары