$ 449.3  489.69  4.89

«Жиһадшылар» ісіндегі екі сотталушы сотқа бойкот жариялады

Қазақстанда «жиһадшылар» ісі бойынша сотталушы Алмат Жұмағұлов пен Оралбек Өміров прокурор Дәурен Бұлғымбаевқа сенімсіздік танытып, сотқа бойкот жариялады. Он айдан астам уақыт тергеу абақтысында отырған бұл екеуіне «терроризмді насихаттады» және «қарулы жиһадқа шақырды» деген айып тағылып отыр деп жазады Азаттық.

Сотталушы Алмат Жұмағұлов айдауыл мен тергеу абақтысы әкімшілігінің заң бұзғаны туралы 4 қазанда түсірген шағымдарына прокурордың құлақ аспағанына наразы екенін айтты. Сол себепті ол судьяға бойкот жариялап, аузын қағаз скотчпен жапсырып алды. Сотталушы Оралбек Омыров оның бойкотын қолдады.

Сотталушы Кенжебек Әбішев денсаулық жағдайына байланысты ауруханаға ауыстыруын сұраған. Бұның алдында оның жүрегі ауыратыны анықталған.

Прокурор Дәурен Бұлғымбаев сотталушы Әбішевтің өтінішіне қарсы шықты.

51 жастағы Кенжебек Әбішев, 47 жастағы Оралбек Өміров және 43 жастағы Алмат Жұмағұлов 2017 жылғы қарашада полиция «терроризм актісін жасауға жария түрде шақыруды тексеру» деп атаған іс аясында ұстаған. Былтыр қарашаның 28-і күні үшеуі тұтқынға алынғаннан бері оларды қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылған. Алмат Жұмағұлов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынап жүрген бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов басқаратын және биыл наурызда Астананың Есіл аудандық соты «экстремистік ұйым» деп танып, қызметіне тыйым салған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) оппозициялық қозғалысы ұнайтынын ашық айтады. Ал Кенжебек Әбішев «ҚДТ-да шаруам жоқ, оған еш қатысым жоқ» деп мәлімдейді.

Қазақстандық құқық қорғау ұйымдары бұған дейін Әбішев пен Жұмағұловты «саяси тұтқын» деп таныған. Билік бұл қоғамдық-саяси статусқа қатысты комментарий бермейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары