$ 449.58  486.94  4.86

Шымкентте оқушылар бұрышты баллон иісінен уланып қалды

Шымкентте мектеп оқушылары бұрышты баллон иісінен уланып қалды. Келеңсіз жағдай қаладағы №47 орта мектепте болған деп жазады ҚазАқпарат.

Қалалық ІІД-нің мәліметінше, колледж оқушысы өзі оқыған мектептің оқушыларымен жанжалдасып қалған. Сөйтіп оларға қарай бұрышты баллон сепкені анықталды.

«16 қазанда «103» жедел медициналық көмек қызметінен Шымкент қаласындағы мектептердің бірінде бұрышты баллон шашқаны туралы хабар келіп түскен. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 293 «бұзақылық» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Куәгерлер болса, жанжал мектептің асханасында болғанын айтады. Осы мектепті бітірген колледж студенті бір оқушыға қарата бұрышты баллонды сепкен. Сол кезде иістен бірнеше оқушы уланып қалған. Олардың бірқатары токсикологиялық ауруханаға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары