$ 449.58  486.94  4.86

Ақтауда жүк көліктерінің жүргізушілеріне 500 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

«Жүк автокөлігі» жедел-профилактикалық шарасы аясында өткен рейдте жол ережесін бұзған жүргізушілерге жарты миллион теңгеге жуық айыппұл салынып, әкімшілік хаттама толтырылған деп хабарлайды МО ІІД баспасөз қызметі.

Іс-шара барысында барлығы 38 әкімшілік хаттама толтырылып, 5 автокөліктің мемлекеттік белгілері тәркіленген.

Сондай-ақ, 38 құқық бұзушының 7-еуінің көлігі «Гатин», «Цемент-Бетон», «Батыс-Снаб», «ТасболатМұнайГаз», «Ақтау Темір Бетон», «Ундуз» ЖШС-ге тиісті екені анықталған. Сонымен қатар, 31-і  жеке тұлғаларға тиісті болған.

Жүргізушілерге ҚР Әкімшілік Кодексінің 591-бабы,  593-бабы, 595-бабы, 596-бабы, 601-бабы, 602-бабы, 612-бабы бойынша хаттама толтырылған.

Жалпы, қала көлемінде 63 жүк автокөлігі тоқтатылған. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары