17.10.2018, 11:55

Армения премьер-министрі отставкаға кетті

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қоғамдық телевизия эфирінде отставкаға кететінін мәлімдеді. Ол сайлауға дейін министрліктер кабинеті басшысының қызметін атқара беретінін хабарлады. Армения президенті Армен Саркисянның баспасөз қызметіндегілер оның үкімет отставкасын қабылдағанын хабарлады деп жазады Тengrinews.kz.

Армения Конституциясы бойынша, үкімет басшысының отставкасынан кейін депутаттар екі отырыста жаңа премьерді сайлай алмаса, парламент таратылады. Алайда парламентте басым болып отырған Республикалық партия мен тағы бірқатар саяси бірлестік парламентті тарату мүмкіндігін қиындататын заң қабылдаған.

2 қазанда премьер өз жақтастарын наразылық акциясына шығарып, бірнеше министрді қызметінен босатқан - олар заң жобасын мақұлдаған партия мүшелері.  Мұның алдында, 8 қазанда Пашинян «Гүлденген Армения» партиясының лидері Гагик Царукянмен желтоқсанда мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу туралы меморандумға қол қойғанын хабарлаған еді. Оппозиция бұған қарсылық білдіріп, сайлау кодексін қайта қарау, бақылаушылардың қатысуын қамтамасыз ету және саясаткерлерге дайындалуға мүмкіндік беру қажеттілігіне байланысты сайлау 2019 жылдың көктемінде өтуі тиіс деп есептейді. 

Арменияда 13 сәуірден бастап оппозиция наразылығы өткен. Оппозицияның негізі экс-президент әрі Республикалық партия лидері Серж Саргсянның премьер қызметіне тағайындалуына қарсы болған. Ал оның алдында конституцияға өзгеріс енгізіліп, премьердің құзыреті артқан. Наразылық кезінде Саргсян 23 сәуірде сайланғанына бір апта өтпестен отставкаға кеткен. Ал 8 мамырда парламент оппозиция лидері Пашинянды осы қызметке сайлаған. Бұдан кейін АРП өзін оппозициялық күш деп жариялаған.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.