$ 449.3  489.69  4.89

«Жек көрем»: Айсәуле Бақытбек ең жақын адамынан қиянат көргенін айтты

Танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек соңғы кездері әлеуметтік желіге философиялық пәлсапа соғып жүр. Бұл жолы ол әлдебір жақынынан сатқындық көргенін жазыпты.

«Ең жақыным деп жүрген адамның қиянат жасайтыны, ерекше бағалайтын жанның сені тыңдамайтыны, тыңдағысы келмейтіні, өзімшілдігі қандай өкінішті. Кейде ол жанға көзіңдегі мұңды оқуға мүмкіндік бергің келеді...

Айтпақшы, тілімен у шашып жүретін адамдар болады. Олар өз өмірлерін дұрыс қалыптастыра алмай, айналасына у шаша бастайды. Әдетте мұндай сөздерге мән бермеуші едім. Бірақ, бұл жолы бәрі басқаша. Жек көремін», - деп жазды Айсәуле Бақытбек Telegram-парақшасына.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары