$ 449.3  489.69  4.89

Талдықорғанда әйел сот ғимаратының алдында өзін өртеп жібермек болды

Бүгін 19 қазанда Талдықорған тұрғыны өз-өзін өртеп жібермекші болды деп жазады Newtimes.kz.

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел таңғы сағат 08:00-де Талдықорған қалалық сотының алдындағы қақпаға өзін байлап, өртеп жібермекші болған. Қолында бензин құйылған канистра болыпты.Әйелмен Талдықорған әкімінің орынбасары сөйлесіп, оны райынан қайтарған. Ол мұндай қадамға оны не итермелегенін анықтай алды.

«Әйелдің айтуынша, оның отбасын заңгер алдап соққан.  Өзін қақпаға байлап, өртеп жібермекші болған Момбаева күйеуінің ол заңгердің атынан қалалық сотқа арыз жазғанын айтады. Алайда, ешқандай нәтиже шықпаған. Сол себептен заңгерді осылай жазалауды талап етпекші болыпты. Ол заңгерден өзінен алған 120 мың теңгені қайтаруын сұраған. Алайда, ол ақшаны беруден бас тартыпты. Сол себептен әйел заңсыз пикет ұйымдастырған. Осы уақытқа дейін күйеуі әйелінің жанында болған. Ал ешнәрседен хабарсыз заңгер болса, Алматыда іссапарда жүр. Ол бұл жағдайды шешу үшін өз өкілдерін жіберді», – дейді Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.

Оқиғаның жай-жапсарын білу мақсатында әйелі мен күйеуін полицейлер ұстап әкетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары