$ 449.3  489.69  4.89

Алматы полициясы ұрыларға іздеу салып, суреттерін жариялады

Алматы полициясы қылмыскерлердің видео және фотожурналын жасады. Бірінші тізімде бейнебақылау камерасына түскен ұрылардың суреті жарияланды деп жазады Stan.kz.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бейнебақылау камерасына түсіп қалған ұрыларға қатысты 43 файл тіркелді. Олар жеке мүлік ұрлады деп күдіктелуде.

«Бізге БАҚ мүмкіндігі мен әлеуметтік желіні пайдаланып, мына ұрыларды тану аса қажет. Бұл жобаны іске асырмас бұрын әлеуметтік желідегі қоғамдық қызметке ерекше талдау жасалды. Желі қолданушыларының көмегімен болған қылмыстардың қалай ашылғаны есепке алынды. Көптеген азаматтарымыз белсенді араласып, көмегін тигізді. Осы жолы да азаматтарымыз белсене араласады деп ойлаймыз. Видео не фотодағы адамдарды таныған босаңыздар,  8-747-255-93-64 и 8-747-255-93-73 телефон нөміріне хабарласуын сұраймыз», – қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары