$ 449.3  489.69  4.89

Алматыда қонақ үйден өрт шықты

Алматының Медеу ауданында «Парасат» қонақ үйі өртенді деп жазады ҚазАқпарат.

«Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік нөміріне 19 қазан күні түнгі сағат 22-13-тер шамасында Медеу ауданының Елебеков көшесінің бойында орналасқан 4 қабатты ғимараттың 2-ші қабатынан өрт шыққандығы туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілердің алғашқы тобы оқиға орнына 8 минуттан соң, сағат 22-21-де жетті», – деп хабарлады Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұханбетова.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенше «Парасат» қонақ үйінің 1-ші қабатынан қою түтін шыққаны, ал 2-ші қабатынан жалын байқалған.

«Мәлім болғанындай, 4 қабатты қонақ үйдің 2-ші қабатында екі нөмір мен дәліз өртенгені белгілі болды», – деп қосты ресми өкіл.

Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің күшімен өрттің өзге бөлмелерге енуіне тосқауыл қойылды. Өрт сағат 22-34-те ауыздықталды, ал 00-11-де толықтай сөндірілді. Жалын шарпыған аймақ 90 шаршы метрді құрады.

Оқиғаның салдарынан зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ.

Осыған дейін Алматы облысында базар өртенгені хабарланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары