$ 449.3  489.69  4.89

«Мүмкіндігім болмады»: Бауыржан Сатов тойға не себепті ескі кастюмін кигенін айтты (ВИДЕО)

Танымал актер Бауыржан Сатов Альбина Шардаровамен шаңырақ көтергелі қатты сынға ұшырады. Жұрт тіпті оның ескі кастюм кигеніне дейін сөз етті.

Актер бұның себебін былайша түсіндірді:

«Шымкентке той болатын күні келдім. Бәрі «Ой кастюм алмаған ба?» деп шықты. Шынымен шаршайды екенсің. Бірақ ала алмадым. Физикалық тұрғыдан да қаржылай да үлгермедім. Мүмкіндігім де болмады. Тойға жеткіздім», - дейді Сатов Астана арнасына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, тамыз айының басында әнші Альбина Шардарова мен актер Бауыржан Сатов шаңырақ көтерген болатын. Кейін Сатовтың бұрынғы әйелі не үшін ажырасқанын желіге жазды. Ал Шардарованы танитындар оны «бұрын тұрмыста болғаныңды неге жасырасың?» деп сөкті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары