$ 449.3  489.69  4.89

Алматыда жоғалып кеткен журналист пойыздың астына түсіп мерт болған

Алматыда Hit TV телеарнасының журналисі жоғалып кеткені туралы кеше ақпарат тараған болатын. Бүгін Айгерім Мұсаеваның қайтыс болғаны белгілі болды. Анықталғандай, марқұмды пойыз қағып кеткен деп жазады tengrinews.kz Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2018 жылдың 20 қазанында сағат 00:20-да Түркісіб ауданына қарасты Бұрындай көшесінің бойымен өтетін темір жолда тепловоз жас әйелді қағып кетіп, мерт қылған. Марқұмның өзімен ешқандай құжаты болмағандықтан, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін оның денесі қалалық мәйітханаға жеткізілді", - делінген аталған хабарламада.

Сондай-ақ, осы күні сағат 17:05-те Алматы қаласы Алатау ауданының тұрғынынан полицейлерге арыз түскен. Онда ер адам әйелінің - 1991 жылы туған Айгерім Мұсаеваның отбасылық ұрыстан кейін үйден шығып, белгісіз бағытта кеткені айтылады.

Журналисті мәйітханаға барып өзінің туған бауыры көріп, таныған. Қазіргі таңда Көліктегі ішкі істер департаменті оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Айгерімнің артында кішкентай екі баласы қалды. Ол Hit TV телеарнасында журналист әрі продюсер қызметін атқарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары