$ 449.3  489.69  4.89

«Мүшеқап пен жұмсақ халат»: Ермегиявқа түрмеде қандай жағдай жасалған?

Астанадағы №2 Байқоңыр аудандық сотында судья Айжан Күлбаева сегіз минут бойы «Астана ЭКСПО» Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегиявтың түрмеде қолданған тыйым салынған заттар тізімін оқып шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Ермегияевқа колонияда қолдау көрсеткендерге қатысты сот үкімі шыққан соң, судья тыйым салынған затар тізімін оқи бастады.

Түзеу мекемесіндегі тексеру жұмыстары 2017 жылдың 29 желтоқсанында өткен болатын. Сол кезде төменде көрсетілген заттар сақтау камерасынан табылыпты.

«Сырт киім, көйлек, шалбар, жұмсақ халат, түкті сүлгі, дастархан, спорттық роликтер, гантельдер, секіріп ойнайтын жіп, өкшеге арналған қаптама, DVD -күйтабақ ойнатқыш, домино, плазмалық теледидар, шырынсыққыш, йогаға арналған кілемше, монша сыпырғышы, қазан, 19 жұп азаматтық үлгідегі аяқ киім.

Бұдан бөлек қыстық қалпақ, келте шалбар, мүшеқап, тамақтың бетін орайтын пленка, жеке гигиеналық заттар, сайлық, ампулалар, дәрі-дәрмектер, әтір.

Сондай-ақ Ермегияев қолданған ЕС 166/10 бөлшектеп өлшеу цехының бөлмесіндегі заттар - электр плитасы, салқындатқыш, микротолқынды пеш, элктрлі шәйнек, үлкен тоңазытқыш, кір жуғыш машинасы, су жылытқыш, сұйықкристалды теледидар, телевизорға арналға кронштейн, кітапқа арналған ақ түсті бес шкаф», - деп тізіп шықты судья.

Бұл заттардың бір бөлігін сот Ермегияевтың қорғаушысына беруді тапсырды. Ал мобильдік телефондар тиісінше қайтарылатын болады.

Еске салсақ, Талғат Ермегияев 2016 жылы 14 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол мемлекет қаржысын жымқырып, ірі көлемде пара алды деп айыпталған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары