$ 449.3  489.69  4.89

Қарағандыда туысқаны 4 айлық сәбиді ұрып тастаған

Қарағанды қаласының балалар ауруханасына үсті-басы көгерген 4 айлық сәби түсті деп жазады Liter.kz.

Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, баланы туысқаны ұрған.

«Сәбидің денсаулығына қасақана жеңіл немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін іс тіркелді. Қазіргі кезде тексеру жүргізілуде», – деді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Бақытжан Құдияров.

Сәбиге дәрігерлер бронхит, зәр шығару жолдарының инфекциясы, ішек жолдары жұмысы бұзылған деген диагноз қойған. Қазір қыздың жағдайы бірқалыпты. Үстіндегі көгерген іздер де біржола кеткен.

Ал сәбиді ұрған ер адамның көршілері оның алкогольдік ішімдікке жақын екенін айтты. Сондай-ақ, ол сол күні мас болған.

«Көрші пәтерден кейде айғайлаған дауыстар естиміз. Ерлі-зайыптылардың өз балалары жоқ. Әйелдің өз сәбиін мас ер адам бар үйге тастап кеткені дұрыс болмаған», – дейді көршілері.

Алдағы уақытта сол түні әйелдің сәбиді әпкесінің үйіне не себепті тастап кеткені анықталатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары