$ 449.3  489.69  4.89

Павлодар облысында қоқыстан нәрестенің өлі денесі табылды

Павлодар облысы Ақсу қаласында қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылды деп жазады pavon.kz.

Оқиға 21 қазан күні болған.

Шақалақтың анасын іздеуге полицейлер итті жіберген.

Жергілікті денсаулық сақтау басқармасындағылар нәрестенің анасы музыкалық колледждің 2-курсында оқитынын айтады. Студент жүктілігі бойынша емханаға есепке тұрмаған.

Ақсу орталық ауруханасының гинекология бөліміне жатқызылған ол медициналық және психикалық көмек алудан бас тартып отыр.

Осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары