$ 443.85  474.3  4.8

Түркістанда ит таластырған мектеп мұғалімі танысын атып өлтірді

Түркістан облысы Түркістан қалалық мамандандырылған ауданаралық соты ит таластыру кезінде танысын шолақ мылтықпен атып өлтірген 30 жастағы Некрасов мектебінің мұғалімін екі айға қамауға алу туралы санкция шығарды деп жазады Sputniknews.kz.

Мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Әбдуәлі Қосмұратовтың айтуынша, оқиға Түркістан қаласында жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Бір-бірімен таныс тоғыз жігіт ит таластырған. Күдіктінің иті жеңіліп қалған соң ол 29 жастағы танысымен ерегісіп қалған.

Танысы мұғалімнің басын балтамен ұрып, көлігінің терезесін сындырады. Ашуланып үйінен шолақ мылтық алып шыққан күдікті жігіттің көкірек тұсынан оқ атып, оқиға орнынан бой тасалаған. 

Күдіктінің үстінен қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот екі айға қамауға алу туралы санкция берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары